АҚШ Ресейге қарсы санкция салуға дайын екенін мәлім етті

768

13 сәуірде Джо Байден Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, оған екіжақты саммит өткізуді ұсынған еді.

АҚШ Ресейге қарсы санкция салуға дайын екенін мәлім етті

АҚШ Ресеймен арадағы шиеленістің ушығуын қаламайды, бірақ Мәскеуге қарсы санкциялар салуға дайын екенін білдірді. Бұл туралы америкалық әкімшіліктің өкілі жариялады,  деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 
Шенеуніктің айтуынша, Америка Құрама Штаттары Ресейді "орынсыз әрекеттері" үшін жазалайтынын жариялады. 

"Байденнің Ресей президенті Владимир Путинмен алғаш рет сөйлескенінен бері біздің әрекетіміз бірізді болды деп айта аламын. Біз Ресейді оның орынсыз әрекеттері үшін жауап беруге мәжбүрлейміз. Осы бағытымыздан таймаймыз",– деді ол.

Америкалық шенеунік: "Қарым-қатынастың әрі қарай дамуы Ресей үкіметімен арадағы тікелей келіссөздерге және қос президент арасындағы бетпе-бет келіссөздерге байланысты болады", – деп сөзін түйіндеді.

13 сәуірде Джо Байден Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, оған екіжақты саммит өткізуді ұсынған еді. Содан кейін Ақ үй өкілі Джен Псаки қос тарап жазда бетпе-бет кездесуі мүмкін дегенді айтты.

Табиғат Нұрболат

Фото: nbcnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу