АҚШ Ресейге қарсы санкциялар пакетін кеңейтті

817

Әлемдегі ең ірі гауһар өндіруші саналатын "Алросқа" шектеу салынды.

АҚШ Ресейге қарсы санкциялар пакетін кеңейтті

АҚШ Ресейге қарсы санкциялар пакетін кеңейтіп, оған 8 жеке тұлға мен 29 ресейлік құрылымды енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz АҚШ-тың қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа санкциялар тізіміне "Адмиралтей кеме зауыттары", "Янтарь кеме жасау зауыты" және басқа да кәсіпорындар қосылды. Сонымен қатар әлемдегі ең ірі гауһар өндіруші саналатын "Алросқа" шектеу салынды.

Бірлескен кеме жасау корпорациясының (ОСК) басшылары Георгий Полтавченко мен Алексей Рахмановқа қарсы жеке рестрикциялар жарияланды.

Жапония билігі де Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізетінін мәлімдеді. Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, Жапония Премьер-Министрі Фумио Кисида Ресейге қатысты нақты қандай шектеулер енгізілетінін 8 сәуірде жариялайды. Санкциялар энергетика саласына, соның ішінде ресейлік көмірдің импортына салынбақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу