АҚШ Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін жариялады

460

АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының жаңа пакетіне 300-ге жуық компания, адамдар, кемелер мен ұшақтар кіреді.

АҚШ Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін жариялады Фото: вести.ру

Экспорттық шектеулер Ресейдің және басқа елдердің 70 кәсіпорнына әсер етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz АҚШ әкімшілігінің аға өкілі G7 көшбасшылар саммиті қарсаңында жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Америка Құрама Штаттары осы жолы ауыз толтырып айтарлықтай пакет (санкциялар) жариялайды, біз Ресейге экономикалық қысымды күшейтеміз, Ресейге әскери мақсаттарына жетуін қиындату үшін экспорттық шектеулерді кеңейтуді жалғастырамыз", — деді әкімшілік өкілі.

Ол санкциялар жайлы егжей-тегжейлі айтудан бас тартып, тек "300 адамға, бизнеске, кемелер мен ұшақтарға санкциялар жарияланады", сондай-ақ "Ресейден және үшінші елдерден 70-ке жуық компанияға қатысты АҚШ-тан экспорттық тауарларды алуға шектеу қойылады" деп қысқа қайырды. 

Ол жаңа шектеулер Еуропада, Таяу Шығыс пен Азияда қолданыстағы санкцияларды айналып өтуге тырысатын компанияларға да әсер ететінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу