АҚШ Ресейге қарсы тағы да санкция енгізбек

1077

Бұған дейін де Вашингтон шектеу жариялаған болатын. 

АҚШ Ресейге қарсы тағы да санкция енгізбек

Ресми Вашингтон ресейлік оппозиционерАлексей Навальныйдың төңірегіндегі жағдайға байланысты Ресейге қарсы бағытталған санкциялардың жаңа пакетін дайындап жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біз бұған дейін Алексей Навальныйды уландырғаны үшін Ресейге қарсы санкциялар енгізген едік... Енді тағы да басқа санкциялар пакетін дайындап жатырмыз", – деді Салливан.

Салливанның айтуынша, АҚШ президенті Джо Байден бірқатар аспекті бойынша Ресейге қарсы шектеулерді енгізуді жеңілдететін жарлыққа қол қойған. 
2 ақпанда Мәскеудің Симоновский соты Навальныйдың шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстырған еді. Оппозиционер "Ив Роше" ісі бойынша айыпты болып шықты. Навальный шартты үкімнен кейін 60 мәрте қоғамдық тәртіпті бұзды деп танылды. Енді ол колонияда 2 жыл 8 ай жазасын өтейді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу