АҚШ Ресейге қарсы тағы да санкция салуға дайын екенін мәлімдеді

806

Конгресс Украина егемендігін мойындайтынын білдірді.

АҚШ Ресейге қарсы тағы да санкция салуға дайын екенін мәлімдеді

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы Сыртқы істер комитетінің басшылығы Ресей Украинаға шабуыл жасаған жағдайда оған қарсы жаңа санкциялар салуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Осы комитеттің төрағасы Грегори Микс және осы органдағы республикашыл Майкл Маккол Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын АҚШ Конгресі толықтай мойындайтынын жариялады.

Комитет өкілдерінің айтуынша, олар Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын болдырмау үшін трансатлантикалық одақтастармен бірлесе жұмыс істеуге дайын.

Бұған дейін АҚШ Президенті Джо Байден Ресей Украинаға басып кірген жағдайда қандай шара қабылдайтынын айтқан еді.

Оның сөзінше, Вашингтон НАТО-ның Шығыс Еуропа елдеріне (Болгария, Венгрия, Латвия, Литва, Польша, Румыния, Словакия, Чехия және Эстонияға) өз әскерилерін жібермек.

Табиғат Нұрболат

Фото: pixabay.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу