АҚШ Ресейге Навальныйға байланысты санкция салуды қарастырып жатыр

505

Бұған дейін Еуроодақ осындай шара қабылдаған еді.

АҚШ Ресейге Навальныйға байланысты санкция салуды қарастырып жатыр

Құрама Штаттардың конгресі оппозиционер Алексей Навальный ісіне байланысты Ресейге қарсы санкция енгізу туралы резолюция қабылдады. Америкалық заң шығарушылар саясаткердің улануын сынға алып, шектеуді дереу арада жариялауға үндеп отыр. 

"Палата дауыс беру арқылы ішіне өзгертулер енгізілген резолюцияны қабылдады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Еске сала кетсек, 20 тамызда Навальный Томск қаласынан Мәскеуге аттанбақ болған еді. Бірақ жолда саясаткердің денсаулығы күрт нашарлап, ұшақ жедел түрде Омск қаласына қонды. Есінен танған ол ауруханаға жатқызылды. Бірақ жергілікті дәрігерлерлер оған нақты не болғанын анықтай алмады. Бар болғаны зат алмасу процесінің бұзылуынан ағзадағы қант мөлшері өзгерді дегенді айтты. Ресей билігі 21 тамызда оған Германияда емделуге рұқсат берді. 2 қыркүйекте Германия үкіметі неміс токсикологтары оппозиционердің ағзасынан "Новичок" деп аталатын улы заттың тапқанын жариялады. Кейін Франция мен Швеция мамандары да осындай тұжырым жасады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу