АҚШ билігі "Мәскеу сайлауға араласты, SolarWinds арқылы кибершабуыл жасады" дегенді желеу етіп, 12 Ресей азаматы мен 20 ресейлік ұйымға санкция салады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар Вашингтон он ресейлік дипломатты еліне қайтармақшы.
Агенттіктің дерегінше, шектеу тізімінде үкімет пен барлауда жұмыс істейтін лауазымды тұлғалар бар көрінеді.
Бұған дейін Украина үкіметі Ресейге қарсы салынған санкцияларды күшейтіп, елден бидай, қара бидай және күнбағыс майын әкелуге тыйым салған еді.Құжатта Украинаға әкелуге тыйым салынған тауарлардың тізіміне аталған тауарлардан бөлек газет және дәретхана қағазы, крафт қағазы, косметикалық майлықтар, қол сүлгілері, дастархан, жуғыш заттар, жәшіктер, қораптар, сөмкелер, пакеттер, бұрғылау құралдары, дөңгелектер енгізілгені жазылған.
Украина, АҚШ және Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылы Қырымның Ресейге қосылуы және Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысқа байланысты Мәскеуге қарсы экономикалық шектеулер жариялаған еді. Бұл елдер түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия дей отырып, өткізілген референдумның нәтижесін мойындаудан бас тартты.Санкциялар бірнеше рет ұзартылған болатын.
Табиғат Нұрболат
Фото: indianexpress.com