АҚШ ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарын Орталық Азиядан ығыстырмақ

166

Америка Құрама Штаттары ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарын Орталық Азия елдерінің медиа кеңістігінен шығаруға ниетті.  

АҚШ ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарын Орталық Азиядан ығыстырмақ Фото: img1.eadaily.com

Бұл туралы АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінде өткен тыңдауда АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Біз оңтүстік және Орталық Азияда маңызды күрес жүргізіп жатырмыз. Бұл ҚХР-мен бәсекелесуге, Ресей мен ҚХР тарапынан жалған ақпаратқа қарсы тұруға, террористік топтардың біздің қауіпсіздігімізге қауіп төндіруіне жол бермеуге бағытталған күрес",  – деді ол.

Мемлекеттік департамент өкілінің айтуынша, Вашингтонның Орталық Азияға тигізетін қаржылық әсері "ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына балама" құруға бағытталған.

"Біздің [Азиядағы] бірінші кезектегі міндетіміз – Үнді және Тынық мұхиты аймақтарында серіктестік құру. < > Біздің екінші басымдылығымыз – өткен жылы Нью-Йоркте өткен саммитте [АҚШ президенті Джо Байденнің] Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен өзара іс-қимылын арттыру", – деді Лу.

Оның айтуынша, "Орталық Азия елдері Ресей Федерациясының ашқан соғысынан туындаған экономикалық әсерден және "ҚХР-дың жүктеген қарыздың ауыртпалығынан" белгісіздік жағдайында қалып қойған.

Лу Орталық Азияда "АҚШ-тың ҚХР мен Ресеймен қатал бәсекелестігі" жүріп жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу