АҚШ ресейлік ұшақтардың ел аумағында ұшуына тыйым салды

1231

Шектеу Ресейде тіркелген барлық ұшақтарға, соның ішінде чартерлік ұшақтарға салынады.

АҚШ ресейлік ұшақтардың ел аумағында ұшуына тыйым салды Фото: bloomberg.com

АҚШ Ресей ұшақтарына ел аумағында ұшуға тыйым салды. Бұл туралы ел Президенті Джо Байден мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мен одақтастарымыздың шектеуін қолдаймын, сондықтан барлық ресейлік рейстеріне америкалық әуе кеңістігі арқылы ұшуына тыйым салынатынын жариялаймын", – деді Байден өкілдер палатасы мен АҚШ Конгресі Сенатындағы жиынында.

Көлік министрлігі шектеу Ресейде тіркелген барлық ұшақтарға, соның ішінде чартерлік ұшақтарға салынатынын айтты.

Бұған дейін еуропалық елдер мен Канада да Украинадағы жағдайға байланысты өз әуе кеңістігі арқылы ресейлік ұшақтардың ұшуын тоқтатты. Бұған жауап ретінде Ресей билігі 36 елдің әуе компанияларына шектеу қойды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу