АҚШ Ресеймен байланысы бар Қытай компанияларына санкция салды

616

Джейк Салливан мен Ллойд Остин Бейжің Мәскеуге әскери көмек көрсетсе, Вашингтон тиісті шара қабылдайтынын ескерткен болатын. 

АҚШ Ресеймен байланысы бар Қытай компанияларына санкция салды

АҚШ сауда министрлігі қара тізімге (entity list) бес қытайлық компанияны, нақтырақ айтқанда, 24 ақпаннан бері Ресей әскерімен ынтымақтастық орнатқан Connec Electronic, King Pai Technology, Sinno Electronics, Winninc Electronic және World Jetta (HK) Logistics компанияларына қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Шектеу бойынша, оларға америкалық тауарларды, сондай-ақ АҚШ-тың қатысуымен немесе америкалық технологиялар бойынша басқа елдерде өндірілген өнімдерді сатып алуға тыйым салынады.

"Мұндай шара бүкіл әлемдегі жеке және заңды тұлғаларға бір нәрсені аңғартады: егер олар Ресейді қолдаса, АҚШ оларға кедергі келтіреді", – деді Сауда министрінің орынбасары Алан Эстевес.

Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мен Қорғаныс министрі Ллойд Остин Бейжің Мәскеуге әскери көмек көрсетсе, Вашингтон тиісті шара қабылдайтынын ескерткен болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу