АҚШ стратегиялық резервтен 40 млн баррель мұнай шығарады

308

Бұл – Халықаралық энергетикалық агенттікпен жасалған келісім аясында нарыққа жіберілетін қара алтынның соңғы партиясы.  

АҚШ стратегиялық резервтен 40 млн баррель мұнай шығарады Фото: ua.news

Билік мұнайды елдегі энергетикалық компанияларға ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл компаниялар отынды қарызға алады. Бірақ кейін артығымен қайтаруға міндетті.

Наурыз айында Агенттікке мүше елдер Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты бағаны тұрақтандыру мақсатында өз қорларынан жалпы көлемі 400 млн баррель мұнай шығаруға уағдаласқан болатын. Оның 172 млн баррелі Құрама Штаттарға тиесілі.

Осының нәтижесі АҚШ-тың стратегиялық қорындағы қара алтын көлемі 1982 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу