АҚШ Рождество кезінде Еуропада терактілер жасалуы мүмкін деп ескертті

1096

АҚШ Рождество кезінде Еуропада терактілер жасалуы мүмкін деп ескертті

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Рождество мерекесі кезінде Еуропаның түкпір-түкпірінде теракт болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Baq.kz.

Ведомствоның Америка азаматтарына арнаған мәлімдемесінде "Ислам мемлекеті" атын жамылған лаңкестік топ пен осы тектес ұйымдар Рождество мерекесі кезінде кәрі құрлық елдерінде террорлық акті жасауды жоспарлап отырғаны" айтылған.

"Сенімді дереккөзден тараған ақпарға сүйенсек, "ИШИМ" мен "Аль-Каида" және оның филиалдары алдағы мерекеде Еуропада халықтың көп жиналатынын пайдаланып, лаңкестік жасауды жоспарлап отыр", – делінген Мемлекеттік департаменттің хабарламасында.

Осылайша ел билігі өз азаматтарына туристік нысандарды аралау кезінде, қоғамдық көлікте және басқа да кісі қарасы қалың орындарда қырағылық танытып, барынша абай болуға кеңес берді.

"Ашық аспан астында өтетін жәрмеңке, фестивальдер мен мерекелік шаралар кезінде сақ болған жөн", – деп жазылған ескертпеде.

Құжатта соңғы жылдары террористік топтардың Бельгия, Германия мен Түркияда жасаған шабуылдары да мысалға келтірілген. Мемлекеттік департамент еуропалық қауіпсіздік қызметтерінің терактінің алдын алуға бағытталған жұмысын жоғары бағалағанымен, жаңа шабуыл қаупі әлі де бар екенін жасырмайды.

Өткен демалыста Франция полициясы террорлық шабуылға дайындалған жеті адамды қамауға алған болатын. Бұл туралы журналистерге хабарлаған елдің ішкі істер министрі лаңкестердің нақ нені көздегенін нақтыламады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу