АҚШ санкциясының салқыны Қазақстанға тимейді - АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі

920

АҚШ санкциясының салқыны Қазақстанға тимейді - АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі

АҚШ санкциясының салқыны Қазақстанға тимейді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Жорж Кролл айтты, деп хабарлайды abai.kz. 
"Ресейге бағытталған санкцияның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Бұл Қазақстанға емес, тікелей Ресейге қарсы жүргізіліп отырған саясат. Ал енді бұл санкцияның Қазақстан экономикасына әсеріне келер болсақ, аз-кем уайым бар. Сондықтан біз қазақстандық әріптестерімізбен бұл мәселені талқылап, ортақ шешім табамыз деп келістік", - дейді Жорж Кролл.
АҚШ елшісі санкция соғысында Қазақстанды айналып өтудің жолдарын қарастырып жатқанын жеткізді.
Өткен аптада АҚШ-тың қаржы министрлігі санкция туралы жаңа заңға сәйкес "Кремль тізімін" жариялаған еді. Оған  ұзын-ырғасы орыстың 210 шенеунігі мен бай-манабы енді.
Жалпы, конгреске жіберілген баяндамадағы тізімде қаржылық әлеуеті  $1 млрд-тан жоғары 96 ірі бизнесмен мен 114 шенеунік, мемлекеттік компаниялардың басшылары бар. Бұндай тізімді, тіпті, орыс оппозициясының өзі күтпесе керек, қазір ресейлік БАҚ әне-міне санкцияға енетін екі жүз онның жайын қызу талқылап жатыр.
Дүйсенбі күні Трамп Конгресске мәлімдемесін жариялау үшін барған кезде, оған Ресей президенті айналасындағы адамдарға қатысты "Кремль тізімін" ұсынылған. Бірақ ол бұл құжатқа қол қоймады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу