АҚШ сенаторлары Ресей мұнайын алған Қытайға қарсы санкция жариялауды ұсынды

759

Егер санкция салынса Қытай тек Таяу Шығыс пен Африканың мұнайын тұтынады.

АҚШ сенаторлары Ресей мұнайын алған Қытайға қарсы санкция жариялауды ұсынды

Ресей мұнайын молынан алып жатқан Қытайға қарсы санкция жариялау керек. АҚШ сенаторлары осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Atameken Business. 

Республикалық партия өкілдері, Ресей шикізатын Қытайға жеткізуге араласатын барлық сақтандыру компаниялары мен танкерлердің иелерін де қара тізімге енгізіп, айыппұлдың астында қалдыру керек, деп санайды.

Алайда бұл жағдай бағаның шарықтай түсуіне алып келеді. Нарық механизміне араласу тепе-теңдікті бұзады. Салдарынан энергия ресурстары тапшы болып, тағы да қарапайым халықтың қалтасына салмақ түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу