АҚШ сенаторлары тағы да Ресейді терроризмнің демеушісі деп тануды талап етті

654

Шілде айының соңында АҚШ Сенаты Ресейді "терроризмнің демеушісі" деп тануға бағытталған қарарды қабылдаған болатын.

АҚШ сенаторлары тағы да Ресейді терроризмнің демеушісі деп тануды талап етті

АҚШ Конгресінің сенаторлары Ричард Блюменталь мен Линдси Грэм Ресейді терроризмнің демеушісі деп тануды тағы да талап етті, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Менің ойымша, әкімшілік Ресейге Иран мен Куба сияқты оқшаулайтынымызды айтуы керек", – деді Блюменталь.

Грэм Мәскеуге "көбірек санкция салу" үшін сенаторлардың жұмыс істеп жатқанын айтты.

Оның сөзінше, америкалық тарап Ресейді терроризмді демеуші мемлекеттердің тізіміне қосуға ниетті. Бұл АҚШ-тың Украина мәселесі бойынша ва-банк жасаудан тайсалмайтынын көрсетпек.

Шілде айының соңында АҚШ Сенаты Ресейді "терроризмнің демеушісі" деп тануға бағытталған қарарды қабылдады. Сенат Мемлекеттік департаментті де осындай қадам жасауға үндеп отыр. Қарарда Шешенстандағы, Грузиядағы, Сириядағы және Украинадағы оқиғалар бұл шешімді қабылдауға себеп болғаны жазылған. Ресейді бұл тізімге енгізуді Киев ұсынған болатын. 

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі "АҚШ билігі Ресейді терроризмді демеуші елдердің тізіміне енгізудің орнына Ресей мен Украина арасындағы бейбіт диалогтың орнатылуына атсалысуы керек"  деп мәлімдеген еді. Қытайлық ведомство АҚШ-ты Украинадағы жағдайды саяси жолмен реттеуге әкелетін бейбіт келіссөзді ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасауға шақырды.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу