АҚШ сенаторлары Тайванға көмек көрсетуді арттыру туралы заң жобасын ұсынды

624

Сонымен қатар олар Тайванға АҚШ-тың НАТО-дан тыс негізгі одақтасы мәртебесін беруді ұсынды.

АҚШ сенаторлары Тайванға көмек көрсетуді арттыру туралы заң жобасын ұсынды

АҚШ-тың демократиялық және республикалық партияларының екі сенаторы Конгрестің жоғарғы палатасына Тайванға көрсетілетін қаржылық қолдауды арттыруға қатысты заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Бейжің Тайванды мәжбүрлеп, оны оқшаулауда. Тайвань халқы мен оның демократиясын қорғау үшін қолдан келгенді жасайтынымызды көрсетеміз", – дейді бастаманы ұсынған сенатор Роберт Менендес.

Заң жобасына сәйкес, Қытай тарапы агрессия танытса, Тайбэйге 4,5 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсетіліп, Бейжіңге қарсы санкция салынады. Сонымен қатар сенаторлар Тайванға АҚШ-тың НАТО-дан тыс негізгі одақтасы мәртебесін беруді ұсынды.

Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан АҚШ-тың саясаты Тайванға қарсы агрессияны болдырмауға бағытталған деп мәлімдеген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу