АҚШ сенаторы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дональд Трамптың жылы лебізін жеткізді

385

Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды. 

АҚШ сенаторы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дональд Трамптың жылы лебізін жеткізді Фото: akorda.kz

АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнс Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақ-америка ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қосқан үлесі үшін АҚШ Президенті Дональд Трамптың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенатор Қазақстанның жаңа Конституцияны қабылдауын ерекше атап өтіп, Президентті ауқымды саяси реформаларды сәтті жүзеге асыруымен құттықтады.

Стив Дэйнстің айтуынша, Негізгі заңның негізіне алынған қағидаттар мен құндылықтар Қазақстанның қуатты әрі заманауи мемлекет ретінде одан әрі дамуына берік іргетас қалайды.

Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу