АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін мақұлдады

661

Түркия әзірге қарсы.

АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін мақұлдады

АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті Финляндия мен Швецияны НАТО-ға тез қабылдауға шақыратын қарарды бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Комитет мүшесі Джим Риштің айтуынша, өтінімді мақұлдау Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне қос партияның қолдағанын және альянсты нығайту керектігін білдіреді.

"Швеция мен Финляндияның саяси және әскери дәстүрінің мықтылығы олардың одаққа кіруіне сай екенін көрсетіп отыр", – деді сенатор.

Бұған дейін Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Швеция мен Финляндия Анкараның талаптарын орындамайынша альянсқа кірмейді деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, әскери блокқа мүше болу үшін бұл елдер терроризмді қолдауды тоқтатып, Түркияға қарсы салынған санкцияларды алып тастап, ынтымақтастыққа бет бұруы тиіс.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу