Құжат Ақ үй үшін міндетті талап болып саналмайды және негізінен саяси мәлімдеме сипатына ие, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Сенаты Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды тоқтатуды көздейтін қарарды мақұлдады. Бұған дейін құжатты Өкілдер палатасы қолдаған.
Жалпы қарарды 50 сенатор қолдап, 48-і қарсы дауыс берген. Дауыс беру нәтижесі Республикалық партия ішінде де Иранмен жалғасып жатқан қақтығысқа қатысты алаңдаушылықтың күшейгенін көрсетті.
Қарар мәтініне сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық қарулы күштерді Иранға қарсы немесе Иран аумағындағы әскери іс-қимылдар аймағынан шығаруы тиіс. Идея бастамашылары болған демократ сенаторлар Конгресс Иранға қарсы жаңа әскери операцияларды өз келісімінсіз бастауға болмайтынын нақты көрсетуі қажет деп есептейді.
Ақ үй өкілдерінің айтуынша, АҚШ пен Иран арасында ресми әскери іс-қимылдар аяқталғандықтан, қарардың маңызы шамалы.
Қазіргі уақытта Вашингтон мен Тегеран арасында түпкілікті бейбіт келісімге қол жеткізу жөніндегі келіссөздер жалғасып жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, тараптар ядролық бақылау, санкциялар және Ормуз бұғазындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша бірқатар алдын ала келісімдерге қол жеткізген.