АҚШ Сенаты Ресей уранының импортына тыйым салуды қолдады

253

Сенаторлар тиісті заң жобасын бірауыздан мақұлдады.  

АҚШ Сенаты Ресей уранының импортына тыйым салуды қолдады Фото: Live Journal

АҚШ Сенаты Ресей уранының импортына тыйым салуды қолдады. Құжат Президент Джо Байденге қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты dw.com агенттігіне сілтеме жасап.

Сейсенбі күні 30 сәуірде АҚШ Сенаты Ресейден байытылған уранды импорттауға тыйым салатын заңның қабылдануын қолдады. Желтоқсан айында тиісті заң жобасын өкілдер палатасы мақұлдаған болатын. Құжат Ақ үйге жіберілді.

Заң 90 күннен кейін күшіне енеді. Бұдан бөлек құжат АҚШ-тағы реакторлардың жұмысын қамтамасыз етуге қауіп төнген ерекше жағдайларға жол береді. Бұл құжат аясында америкалық уран өңдеу өнеркәсібін дамытуға 2,7 миллиард доллар қарастыруға болатыны айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу