АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкциялар жобасын кейінге қалдырды

842

Оның орнына қосымша қарар қабылдау туралы шешім қабылданды.

АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкциялар жобасын кейінге қалдырды Фото: reuters.com

АҚШ сенатының мүшелері Ресейге қарсы санкциялар туралы заң жобасын 16 ақпанға дейін қарауға және қабылдауға үлгермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz NBC телеарнасына сілтеме жасап.

Құрама Штаттар Ресей Украинаға 16 ақпанда басып кіреді деп топшылаған еді. Енді сенат санкцияның орнына қосымша қарар қабылдау туралы шешім қабылдады. Мәскеу Киевке агрессия танытса, оның салдары қандай болатыны құжатта жазылады. 

Сенаттың сыртқы істер комитетінің басшысы Роберт Менендес комитет басшылары мен партия жетекшілерінің бірлескен мәлімдемесін, сондай-ақ Мәскеуге ескерту жасау ретінде қабылданатын қосымша қарарды қолдады.

Осылайша АҚШ-тың Ресейге қарсы санкция салу жобасы кейінгі қалдырылды. 

Бұған дейін Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби АҚШ Ресейге қарсы алдын-ала санкциялар салуды жоспарлап отырған жоқ дегенді айтты. Оның сөзінше, егер шектеулер алдын-ала қолданылса, оның Мәскеуді тежейтін күші жоғалуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу