АҚШ шабуылынан соң Иранда 400 келі уран жоғалған

499

Осыған байланысты МАГАТЭ шұғыл тексеру жүргізуді талап етіп отыр.    

АҚШ шабуылынан соң Иранда 400 келі уран жоғалған Фото: Maxar Technologies/AFP

400 келіден астам төмен байытылған уран АҚШ-тың Иранның негізгі үш ядролық алаңына жасаған әуе соққысынан кейін жоғалып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты Fox News телеарнасына сілтеме жасап.

22 маусымда АҚШ Иранның үш маңызды ядролық алаңына – Натанз, Фордо және Исфаханға соққы жасады. Осыдан кейін 900 фунтқа жуық байытылған уран ізім-ғайым жоқ.

Қазір Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси осы уранды табуға тырысып жатыр.

"Бізде уранның орналасқан жері туралы ақпарат жоқ. Біздің міндетіміз – уранның әрбір граммын есепке алу", – деді Гросси Fox News арнасында.

Гроссидің айтуынша, Натанзға жасалған соққыдан уран сақталған аумақтың біріне айтарлықтай зиян келген. Исфахан да зардап шекті, бірақ шығын толық есептелген жоқ.

Иран шенеуніктері шабуылдар алдында "қорғаныс шараларын" қабылдағанын айтты, бұл материалдардың эвакуацияланғанын меңзегенімен, қайда орналастырғанын нақтыламады.

Гроссидің айтуынша, 60% байытылған уранға бақылаудың жоқтығы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр.

"Иран барлық материал туралы ақпаратты бізге хабарлауға міндетті. Бізде тексеруге рұқсат болуы керек. Оны анықтайтын уақыт келді", – деп мәлімдеді Гросси.

Әзірге, Иран билігі уранға қатысты ресми ақпар бермеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу