АҚШ шенеуніктері вакцина ектірмесе, жұмыстан шығарылуы мүмкін

916

Препараттан себепсіз бас тартқандар қызметтен шеттетіледі.

АҚШ шенеуніктері вакцина ектірмесе, жұмыстан шығарылуы мүмкін Фото: reuters.com

Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки федералды мемлекеттік қызметкерлер коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқан жағдайда олар жұмыстан шығарылуы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

"Егер сіз үкіметке немесе үкіметтік келісімшарт бойынша жұмыс істегіңіз келсе, онда сіз екпе салдыруыңыз керек деп санаймыз", – деді Псаки Ақ үйде өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар ол вакцинадан себепсіз бас тартқан шенеуніктер жұмыстан босатылатынын басып айтты.  

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус індетімен күреске қатысты жаһандық саммит өткізетіні хабарланды. Жиында пандемияға қарсы шаралар мен вакцинация процесі талқыланбақ. Шара БҰҰ Бас Ассамблеясының қыркүйек айының соңына жоспарланған кезекті сессиясының апталығына орайластырылып ұйымдастырылады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу