АҚШ-та бала сол елде дүниеге келгенде берілетін азаматтық алу құқығы тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған құқық АҚШ-тың Конституциясына 14-ші түзетуде берілген. Трамп бұған дейін президент болған кезінде бұл түзетудің күшін жойғысы келген болатын. Қазір де сол ойын алға тартты.
АҚШ Конституциясына 14-ші түзету 1868 жылы 9 шілдеде азаматтық соғыс аяқталған соң қабылданды. Осы түзетуге сәйкес, "АҚШ-та туған немесе азаматтығын қабылдаған және оның құзіретіндегі барлық тұлға олар тұратын Құрама Штаттар мен штаттың азаматы болып саналады" делінген.
Саясаткер бұл құқықты "қисынсыз" деп санайтынын жеткізді.
Бүгінде АҚШ-пен бірге, Канада мен Бразилияны қосқанда 30-дан астам мемлекет ел аумағында дүниеге келгендерге азаматтық береді.