Пентагон Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Донбаста дайындалып жатқан арандатушылық туралы мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Министр Шойгудың бұл мәлімдемелері шындыққа жанаспайды", – деді Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби.
Ол АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Шойгумен Украинадағы шиеленістің ушығуы жайында сөйлеспегенін мәлім етті.
Донецк Халық Республикасының билігі америкалық жауынгерлердің Донбаста химиялық қару арқылы арандатушылыққа дайындалып жатқанына алаңдаушылық білдірді.
Сергей Шойгу 21 желтоқсанда Президент Владимир Путиннің қатысуымен өткен отырыста америкалықтар осы өңірде арандату операциясына әзірленіп жатыр деп айтқан болатын. Оның сөзінше, Авдеевка және Қызыл Лиман қалаларына белгісіз химиялық заттары бар резервуарлар жеткізілген көрінеді.
Табиғат Нұрболат