АҚШ-та қазақтың киіз үйі құмды дауылға қарсы тұрды

98

Burning Man фестивалі 1 қыркүйекке дейін жалғасады. 

АҚШ-та қазақтың киіз үйі құмды дауылға қарсы тұрды Фото: Бейнежазбадан

АҚШ-тың Невада штатында өткен Burning Man фестивалінде қазақтың киіз үйі құмды дауылға төтеп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Black Rock шөлінде өтетін Burning Man фестивалінде алғаш рет отандық делегация ұлттық киіз үйді таныстырды.

Лагерь аумағында екпіні сағатына 80 шақырымға дейін жеткен қатты жел соғып, айналаны қалың шаң басқан кезде көптеген шатырлар, уақытша құрылыстар мен өнер инсталляциялары қираған.

Қазақстаннан әкелінген киіз үй өзінің берік екенін дәлелдей түсті. Киіз үй дауыл кезінде ең қауіпсіз баспана екенін көрсетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде қазақстандық Сабина Омар жазды.

"Burning Man тарихында қазақтың киіз үйін алғаш рет тіктік. Мұнымен мақтанамын. Burning Man фестивалінде соңғы онжылдықтағы ең қатты құмды дауыл соқты. Жел шатырлар мен тұтас кэмптерді ұшырып әкетті. Ал киіз үй бұл қиындыққа төтеп беріп, заманауи құрылыстардан да берік екенін дәлелдеді. Бұл жай ғана баспана емес, бұл – біздің үйіміз, дәстүріміз бен халқымыздың қуатының символы", – делінген жазбада.

Burning Man фестивалі 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу