АҚШ Сирия билігін айыптады

835

АҚШ Сирия билігін айыптады

АҚШ Дамаск түбіндегі әскери түрме жанынан крематорий салғаны үшін Сирия билігін айыптады. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Таяу Шығыс бойынша мемхатшы көмекшісінің міндетін атарушы Стюарт Джонстың пікірінше, америкалық саясатшылар мен әскерилер бұл крематорийді құпия өлтірілген тұтқындарды өртейтін орын деп есептейді екен. Вашингтонның мәліметіне сүйенсек, Седная әскери түрмесінде соңғы жылдарда 1000 ға жуық адам дарға асылған.

"Сенімді дереккөздерге сүйене отырып, көптеген мәйіттердің бауырластар зиратына жерленгенін растай аламыз. Біздің ойымызша, крематорий өлгендердің денесін жағып, олар туралы із қалдырмау үшін салынған", - дейді С.Джонс. Сонымен қатар ол, осы заңсыздық пен қатігездік туралы АҚШ-тың бұлтартпас дәлелдері барлығын және жақын арада барлық айғақты халықаралық бірлестікке көрсететінін айтты.

"Джонс Сирияда деэскалация аумағын құру туралы өз ойын білдірді. "Бұған дейін де табыстырмақ болған әрекеттеріміз желге ұшқандықтан, бұл бастамаға да күмәнмен қарауға негізіміз бар. Асад оппозияция мен азаматтарға қарсы барлық әскери қиымылдарын тоқтатсын, ал бұл жағдайдың бақылануына жауапкершілікті  Ресей алу керек", - деді елші.

4 мамырда кепілгер мемлекеттер Ресей, Түркия және Иран Сирияның: Идлиб провинциясының төрт аумағында, Латаки және Алеппо мен Хамада; Хомс провинциясының солтүстігінде; Шығыс Гутада; Сирияның оңтүстігіндегі Дераа мен Кунейтра провинцияларында  деэскалация аймағын құру туралы меморандумға қол қойған болатын. Бұл аймақтарда қару қолдануға тыйым салынды және гуманитарлық көмек қолы жеткізілетін орындар болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу