АҚШ Сириядағы екі нысанға әуе шабуылдарын жасады

426

Шабуылдың қазіргі Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысқа еш қатысы жоқ. 

АҚШ Сириядағы екі нысанға әуе шабуылдарын жасады Фото: Inbusiness.kz

АҚШ қарулы күштері президент Джо Байденнің бұйрығымен Сириядағы нысандарға соққы берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Бүгін Президент Байденнің бұйрығымен АҚШ қарулы күштері Сирияның шығысындағы Иран ислам революциясының қамқоршылар корпусы (ИИРҚК) және онымен байланысты топтар пайдаланатын екі нысанға өзін-өзі қорғау үшін соққы берді", - делінген Пентагон таратқан Остин мәлімдемесінде.

Шабуыл Ирак пен Сириядағы америкалық қызметкерлерге Иран қолдаған топтардың бірқатар шабуылдарына жауап ретінде жасалды, яғни АҚШ әрекеті Израиль мен ХАМАС арасындағы жалғасып жатқан қақтығыспен байланысты емес, деп қосты АҚШ Қорғаныс министрі. Оның айтуынша, АҚШ қақтығысқа ұмтылмайды және одан әрі соғыс қимылдарына қатысуға ниеті жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу