АҚШ Сириядағы ирандық содырлардың нысанына соққы жасады

321

Сириядағы содырлардың әуе шабуылдары Байденнің бұйрығымен аймақтағы американдық базаларға жасалған бірқатар соққыларға жауап ретінде жүзеге асты. 

АҚШ Сириядағы ирандық содырлардың нысанына соққы жасады Фото: freepik.com

Екі американдық жойғыштар Сирияның шығысындағы Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы (КСИР) және онымен байланысы бар топтар қолданған нысанға соққы берді, деп жазады inbusiness.kz сайты DW жаңалықтарына сілтеме жасап.

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остиннің айтуынша, соққылар Америка президенті Джо Байденнің бұйрығымен жақында Ирак пен Сириядағы американдық базаларға жасалған бірқатар шабуылдарға жауап ретінде іске асты.

"Егер Иран проксиінің АҚШ әскери қызметкерлеріне шабуылдары жалғаса берсе, біз өз халқымызды қорғау үшін одан әрі қажетті шараларды қабылдаудан тартынбаймыз. Сондай-ақ, біз кез-келген эскалациядан аулақ болуға шақырамыз", - деп мәлімдеді Остин.

Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай 7 қазанда ХАМАС террористік тобының содырлары Израильге жаппай шабуыл жасап,  200-ден астам адамды кепілге алғаннан кейін шиеленісе түсті, және Израиль ХАМАС-қа қарсы соғыс жариялады. Жағдайды тежеу мақсатында, Америка Құрама Штаттары аймаққа әскери кемелер мен авиацияны орналастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу