АҚШ Сириядан әскерін әкетіп жатыр

706

Дегенмен Трамптың бұл шешіміне кей сенаторлар қарсы. Олар мұндай қадам одақтас елдер мен күрд жасақтарына қауіп төндіріп, Сириядағы Иран ықпалының күшеюіне әкеледі деген пікірде.

АҚШ Сириядан әскерін әкетіп жатыр

АҚШ Сириядан әскерін шығара бастады. Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс хабарлады, деп жазады 24.kz.

"АҚШ Сириядағы Ирак және Левант лаңкестік ұйымын жеңді", – деп жариялады  президент Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында.

Бірақ Ақ үй өкілінің айтуынша, Құрама Штаттар мен одақтас елдер қажет болған жағдайда Шам еліне қайта орала алады.

Сириядағы америкалық әскерилер 2-3 айдың ішінде шығарылмақ. Вашингтон сондай-ақ 24 сағаттың ішінде өз дипломаттарын әкетеді.

Дегенмен Трамптың бұл шешіміне кей сенаторлар қарсы. Олар мұндай қадам одақтас елдер мен күрд жасақтарына қауіп төндіріп, Сириядағы Иран ықпалының күшеюіне әкеледі деген пікірде.

"Меніңше, АҚШ-тың Сириядан әскерін шығаруы үлкен қателік. Оның салдары көп ұзамай сезілетін болады. Бұл әрекеттен Сириядағы өзге елдердің ықпалы күшейеді", – дейді сенатор Марк Рубио.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу