АҚШ Сирияға қатысты келіссөзге шақырылады

892

АҚШ Сирияға қатысты келіссөзге шақырылады

Түркияның Cыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Түркия мен Ресей АҚШ-ты Астанада өтетін Сирияға қатысты келіссөзге шақыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.kz

Министрдің айтуынша,  мәселе дипломатиялық деңгейде талқыланып, келісілген. Қазір Астанадағы басқосуға кімдер қатысатыны талқыланып жатыр. Келіссөзге дағдарысты шеше алатын тараптар қатысуы тиіс.

- Ең бірінші айтатын жайт, біз Ресеймен АҚШ-ты келіссөзге шақыру жөнінде келістік. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен сөйлесіп, осындай шешімге келдік. Құрама Штаттар сириялық дағдарысты шешуде маңызды рөл ойнайды, – деді Түркияның Cыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу