АҚШ Солтүстік Кореяға шарт қойды

1008

АҚШ Солтүстік Кореяға шарт қойды

АҚШ Корея Халық Демократиялық Республикасына салынған санкциялардың күшін әзірге жоймайды. Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартқан жағдайда ғана Ақ үй осындай қадамға баруы мүмкін. Бұл туралы Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Ол Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесуінің қортындысын Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инге  жеткізу үшін Сеулге арнайы келген. Оның айтуынша, ресми Вашингтон корей түбегі ядролық қарудан 2021 жылға дейін бас тартады деген сенімде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Кореяның орталық телеграф агентігі АҚШ, Солтүстік Кореяға қарсы санкциялардың күшін жояды деп хабарлаған еді. Сонымен қатар Ақ үйдің Оңтүстік Кореямен ортақ әскери жаттығулары тоқтататыны айтылды. Ал СNN телеарнасының хабарлауынша, АҚШ бұл туралы бүгін ресми түрде жариялауға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу