АҚШ соты Google-ды монополист деп таныды

241

Alphabet тиісті шешімге шағым түсірмек. 

АҚШ соты Google-ды монополист деп таныды Фото: РБК

АҚШ-тағы Колумбия округінің федералды соты Google іздеу жүйелері арасында өзінің нарықтағы орнын теріс пайдаланды деген шешімге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Google – монополист, ол өзінің монополиясын сақтау мақсатында әрекет етті", - деді судья Амит Мехта.

Сот АҚШ Әділет министрлігінің компания монополияға қарсы заңнаманы бұзды деген тұжырымымен келісті.

"Google-ды жеңу – америкалықтар үшін тарихи жеңіс. Ешбір компания қаншалықты үлкен немесе ықпалды болғанына қарамастан, заңнан жоғары емес", - деді АҚШ Бас прокуроры Меррик Гарланд.

Alphabet-тің (Google иесі) жаһандық мәселелер бойынша президенті Кент Уокер компания бұл шешімге шағымданатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу