АҚШ соты Қазақстан азаматын 15 жылға бас бостандығынан айырды

810

АҚШ соты Қазақстан азаматын 15 жылға бас бостандығынан айырды

Қазақстан азаматы Ахрор Саидахметов "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымына материалдық жәрдем беру мақсатында сыбайласқаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нью-Йорк Шығыс округы бойынша федералды прокурор сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы Саидахметов террорлық ұйымға қосылу үшін Сирияға бармақ болыпты.

"Саидахметов ИГИЛ содыры болуды көздеген. Мақсатына жетпеген күнде АҚШ ФТБ агенттері мен полицейлеріне шабуыл жасайтын еді", - деп мәлімдеді ФТБ директорының көмекшісі Уильям Суини.

Қазақстан азаматы Ахрор Саидахметов 2014 жылдан бастап радикалды көзқарасты ұстанып, Ислам мемлекетіне қосылғысы келетінін мәлімдеген. 2015 жылы ақпанда  Стамбулға келіп, жол шығыны мен қару сатып алу үшін сыбайласынан 1,6 мың доллар алған.

Саидахметов Стамбулға аттанатын ұшаққа отырған кезде ұсталыпты. Жазасын өткерген соң ол Қазақстанға депортацияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу