АҚШ соты қазақстандық хакерді 50 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін

845

Киберқылмыс әлеміне Эф-икс-эм-эс-пи лақап атымен танымал Андрей Турчин бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді.  

АҚШ соты қазақстандық хакерді 50 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін

АҚШ соты қазақстандық хакерді 50 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы

Қазақстан азаматына қатысты ақпарат Вашингтон Әділет департаментінің сайтында жария болды.  Онда Турчин мен оның сыбайластары 2018 жылы ғаламтор қолданушылардың жеке бас ақпараттарын ұрлап, артынша өзге хакерлерге сатқаны жөнінде жазылған. Қылмыстық топтың әрекетінен алты құрлықтағы 30 мемлекет пен жүздеген компания зардап шеккен. Киберқылмыскерлер құнды деректерді 1 мың доллардан бастап, 100 мың долларға дейінгі соммаға саудалап келген. Қазақстандық азаматтың кінәсі дәлелденсе Андрей Турчин қалған өмірін темір торда өткізуі әбден мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу