АҚШ соты Yahoo-ға хакерлік шабуыл жасаған Қазақстан тумасына үкім шығарды

694

АҚШ соты Yahoo-ға хакерлік шабуыл жасаған Қазақстан тумасына үкім шығарды

АҚШ-та Yahoo сайтына хакерлік шабуыл жасап, ақпараттар базасынан мәліметтер ұрлаған Қазақстан тумасына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Atameken Business.

Карим Баратов 5 жылға сотталды.  Сондай-ақ, үкім бойынша 250 мың доллар айыппұл төлеуге міндеттелді. Оған сайттың мәліметтер базасынан Ресей мен АҚШтың және бірнеше ірі компанияның ақпараттарын ұрлады деген айып тағылған.

Айта кетейін, Американың әділет министрлігінің ақпараты бойынша осы іске қатысты ұсталған тағы екі адам Канада азаматы екен.

Еске салсақ, 22 жастағы Қазақстан тумасы Сан-Франциско сотында өз кінәсін толығымен мойындаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу