Ресми дерек бойынша, субсидия 35 штаттың тұрғындарын интернетпен қамту үшін бөлінеді. Бұл сома алдағы 10 жыл бойы ай сайын компанияның шотына аударылып отырады. Алғашында комиссия байланыс саласында қызмет ететін осындай ондаған компанияға 16 млрд доллар үлестіруді жоспарлаған еді. Кейін қаражат көлемі 9,2 млрд долларға дейін қысқартылды. Енді қалғаны субсидиялаудың екінші кезеңінде беріледі.
2018 жылдың желтоқсанында SpaceX компаниясы АҚШ-тың әскери-әуе күштерімен келісімшарт жасасқан еді. Құжат бойынша Starlink жүйесі сынақтан өткізіліп, оны әскери салада қолдану жағы қарастырылды. 2019 жылдың мамыр айында ғарышқа осы жүйенің 60 аппараты ұшырылған болатын.
Табиғат Нұрболат