АҚШ студенттер мен журналистерге берілетін виза талаптарын күшейтеді

356

Бұл туралы елдің Ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдеді.  

АҚШ студенттер мен журналистерге берілетін виза талаптарын күшейтеді Фото: dknews.kz

АҚШ шетел азаматтарына виза беру тәртібін қатаңдатуды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа талаптарға сәйкес, өзгерістер шетелдік студенттерге, алмасу бағдарламаларына қатысушылар мен журналистерге тікелей қатысты. Енді аталған санаттағы азаматтарға берілетін визалардың жарамдылық мерзімі нақты белгіленеді.

Журналистерге АҚШ аумағында 240 күнге дейін болуға рұқсат етіледі. Ал Қытай азаматтары үшін бұл мерзім 90 күнмен шектелмек.

Студенттік және алмасу бағдарламалары бойынша визалар ең көбі 4 жылға беріледі. Визаның мерзімі аяқталғаннан кейін шетел азаматтары АҚШ аумағынан 1 ай ішінде шығуы тиіс. Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша бұл мерзім 2 айды құрайды.

Жаңа өзгерістер 60 күннен кейін күшіне енеді. Алайда оған дейін құжат АҚШ Конгресінің қарауынан өтеді.

Ақ үй бұл өзгерістер шетел азаматтарына бақылауды күшейту үшін жасалып отырғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу