Американың Флорида штатында "Ирма" дауылы салдарынан 3 милионнан астам нысан жарықсыз қалды. Бұл туралы Шттаттың ең ірі 5 энергетика компанияларының мәліметтеріне сілтеме жасаған CNN телекомпаниясы хабарлайды, деп жазады ҚазАқпарат.
Флорида губернаторы Рик Скотт 1,528 миллионнан астам үй мен кәсіпорынның электр энергиясынсыз қалған. Сенбі күні Florida Power & Light компаниясының басшысы Эрик Силоджи "Ирма" дауылы салдарынан Флориданың 9 миллионнан астам тұрғыны жарықсыз қалатындығын алдын ала айтты.
АҚШ дауылдарын бақылау жөніндегі ұлттық орталықтың мәліметінше, "Ирма" ошағындағы желдің жылдамдығы 49,2 м/с дейін төмендеген. Зілзала ошағы қазіргі уақытта Форт-Майерс қаласының (Флорида штаты) солтүстік шығысында 25 км қашықтықта орналасқан. Дауыл солтүстікке қарай 6,3 м/с жылдамдықпен бағыт алған.