АҚШ-тың орталық батысында қалың қар жауып, боран болуына байланысты 1,5 мың әуе рейсі кейінге шегерілді, деп хабарлайды 24.kz.
Табиғаттың тосын мінезінен Детройт пен Чикаго қаласындағы әуежайлар көп зардап шегіп отыр. Бораған қардан көлік қатынасы қиындап, жол апаты жиіледі. Ал синоптиктер алдағы тәуліктерде қар соңғы 2 жылмен салыстырғанда едәуір көп жауады деген болжам отыр. Ақ ұлпаның қалыңдығы 20-30 сантиметрден асуы мүмкін екенін айтады.
Еске сала кетейік, қаңтар айының басында әдетте жылы болатын АҚШ-тың оңтүстік-шығыс штаттарында күн суытып, қар жауып, 16 адам көз жұмған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу