АҚШ-та 1,7 мың әуе рейсі тоқтатылды

686

АҚШ-та 1,7 мың әуе рейсі тоқтатылды

АҚШ-тың Джорджия, Вирджиния, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарында қалың қар мен боран салдарынан жарық сөніп, рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуе және теміржол рейстері тоқтатылды. Ауа райының қолайсыздығы сейсенбіге дейін жалғасады.

Жексенбі күні АҚШ-тың оңтүстік-шығысында боран соғып, қалың қар жауған және көктайғақ болған. Синоптиктер қолайсыз жол-көлік жағдайы, су тасқыны мен электр энергиясындағы ақаулардың болуы мүмкін екендігін ескерткен.

Сондай-ақ, ауа райына байланысты ескерту Теннеси, Кентукки және Вирджинияда жарияланған. Солтүстік Каролинаның кейбір қалаларында жексенбі күні 35 см-ден астам қар жауған. Солтүстік Каролина мен Вирджинияның губернаторлары төтенше жағдай жариялаған және АҚШ-та жексенбі күні 1700 рейс тоқтатылды.

Солтүстік және Оңтүстік Каролинада, Вирджинияда, Теннесиде, Алабамада және Джорджияда жарты миллионға жуық адам электр энергиясынан айырылды.

Солтүстік Каролинаның губернаторы Рой Купер (D) тұрғындарды жолға шығудан бас тартуға шақырды. Құтқарушылар бригадасы, соның ішінде Ұлттық гвардия түні бойы жұмыс істеп, ірі тасжолдардағы апаттарды жоюмен айналысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу