АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртеніп, қауіпті аудандардан тұрғындарды көшіру басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Лаулаған жалын 14 мың гектар жерге жайылып, 1 мыңнан астам үй жанып кеткен. Салдарынан Сан-Франциско қаласын түтін тұмшалап алды.
Қазір тілсіз жаумен 9 мың өрт сөндіруші күресіп, арнайы техникалар мен ондаған тікұшақ жұмылдырылды. Бірақ ауа райының ыстық әрі желді болуы оны сөндіруге кедергі келтіруде.
Жергілікті билік өрттен келген шығын 140 миллион долларға жеткенін айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу