АҚШ-тың солтүстік-шығысында соңғы бірнеше аптада қайта-қайта қар жауып, халықты әбігерге салып жатыр. Бостонның кей жерлерінде ақ ұлпаның қалыңдығы 1 метрден асып кетті, деп хабарлайды 24.kz.
Ауа райының қолайсыздығынан өңірдегі мектептер мен мемлекеттік мекемелер уақытша жабылды. 1,5 мыңға жуық әуе рейсі кейінге шегерілді. Массачусетс штатында мыңдаған үй электр қуатынан ажырып қалған. Ал синоптиктер жақын күндері күн суытып, сынап бағанасы минус 7 градусқа дейін төмендейді деп отыр. Салдарынан тасжолдарда көктайғақ орнап, көлік қозғалысы қиындай түседі. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындардан жоспарларын өзгертіп, жақын күндері саяхатқа шығудан бас тарта тұруға кеңес беріп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу