АҚШ-та 12 жасқа дейінгі балаларға вакцина ектіріледі

977

Қазір Құрама Штаттарда 12 және 18 жас аралығындағы  балаларды вакцинациялауға рұқсат етілген.

АҚШ-та 12 жасқа дейінгі балаларға вакцина ектіріледі Фото: reuters.com

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы қысқа қарай COVID-19 дертіне қарсы вакцинаны 12 жасқа дейінгі балаларға ектіруге рұқсат беру жағын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz NBC телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл шешім күшіне енгеннен кейін, басқарма барлық жастағы адамдарға препаратты егуді мақұлдамақ. Қазір АҚШ-та 12 және 18 жас аралығындағы  балаларды вакцинациялауға рұқсат етілді. Pfizer-BioNtech те, Moderna да балаларға екпе егу құқығына ие емес. 

Бұған дейін ресейлік вирусологтар жасөспірімдерді вакцинациялау мүмкіндігіне оң бағасын берген еді. Гамалея орталығының профессоры, вирусолог Анатолий Альтштейннің айтуынша, жасөспірімдерді вакцинациялау тек жасөспірімдерді ғана емес, қоғамды да қорғайтын алдын алу шарасы екенін айтты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу