NBC News-тің жазуынша, жексенбі күні Нью-Джерси штатының Хаммонтон қаласында екі тікұшақ әуеде соғысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Хаммонтон муниципалдық билігі өкілі полицияға екі тікұшақтың соқтығысуы туралы қоңыраулар сағат 11:25-те түскенін айтады. Апат салдарынан екі ұшақ та құлап, біреуінен өрт шыққан.
Ұшақ апатынан бір адам қаза тапса, енді тағы бірі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Тұрғындардың бірі спортзалдан шығып бара жатқанда кенеттен көлік апатына ұқсас қатты жарылыстың дыбысын естігенін айтып отыр. Ол екі тікұшақтың бір орында айналып ұшып, биіктікті тез жоғалтып жатқанын көрген.
Азаматтық авиация федералдық басқармасының мәліметінше, Хаммонтон әуежайының маңында "Enstrom F-28A" және "Enstrom 280C" тікұшақтары әуеде соқтығысқан. Әуе кемелерінде ұшқыштар ғана болған. Көліктегі қауіпсіздік Ұлттық кеңесінің басшылығымен тергеу амалдары басталып кетті.