АҚШ әскерінің 11 пайызын қысқартпақ

850

АҚШ әскерінің 11 пайызын қысқартпақ

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі сарбаздар мен шенді әскерилердің қатарын азайтуды, яғни, ауқымды қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды islam.kz.

Пентагон әскери операцияларға бірден қойып кете алмайтын, яғни, ұрыс қимылдарына дереу араласуға дайын еместерді алдымен қысқартпақ: келісімшарт мерзімі аяқталғандарды, денсаулығынан кінәрат табылғандарды әскер қатарынан шығарады. Бұл жайында Military Times ақпарат көзі хабар таратты.

Кадрлық бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі міндет АҚШ Қарулы күштерінің әскери дайындығын көтеру.

Сержант-майор Джон Трокселла 235 мың әскеридің қысқартуға ұшырайтынын жеткізді. Бұл АҚШ әскерінің 11%-ын құрайды.

Бүгінгі таңда АҚШ әскерилерінің қарасы 1,4 миллионға жуық. Бұған қоса, резервте тағы бір миллиондай адам тұр. АҚШ-тың биылғы қорғаныс саласына бөлген қаржысы, яғни, әскери бюджеті 610 млрд долларды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу