АҚШ-та 30 мыңға жуық мұғалім ереуілге шықты

1027

Кәсіподақ мүшелері ұстаздардың талабы орындалмай, ереуілдің тоқтамайтынын айтады.

АҚШ-та 30 мыңға жуық мұғалім ереуілге шықты

Лос-Анджелесте 30 мыңға жуық ұстаз ереуілге шықты. Олардың қатарында тәрбиешілер де бар, деп хабарлайды 24.kz.

Ашынған жұрт үкіметтен жалақыны көтеруді, сонымен қатар мұғалімдер мен кітапханашылардың санын арттыруды талап етеді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақта дәл осындай наразылық акциясы соңғы 30 жылда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл толқуларға қарамастан, мектептер өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Сонда да көптеген ата-ана балаларын үйінде қалдыруды жөн көрген.

Кәсіподақ мүшелері ұстаздардың талабы орындалмай, ереуілді тоқтатпаймыз деп, айтқанынан қайтпай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу