АҚШ-та 40 мыңнан астам мұғалім ереуілге шықты

772

АҚШ-та 40 мыңнан астам мұғалім ереуілге шықты

АҚШ-тың Оклахома мен Кентукки штатында 40 мыңнан астам мұғалім ереуіл жариялап, наразылық шеруіне шықты. Салдарынан жүздеген мектепте сабақ болмай қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Оқытушылар биліктен жалақыны өсіріп, білім саласына бөлінетін қаржыны ұлғайтуды талап етіп отыр. Себебі, жалақының төмендігінен олардың көбі сауда орындары мен дәмханаларда қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Ал шәкірттер болса қаржыландырудың жеткіліксіздігінен Оклахомада 4 күндік оқуға көшкен. Сондықтан шараны ұйымдастырушылар оқытушылардың жалақысын тағы 10 мыңға көтеріп, білім саласына қосымша 200 миллион доллар бөлуді сұрап отыр. Ал ресми дереке сүйенсек, Оклахома мұғалімдерінің жылдық орташа жалақысы 30-40 мың доллларды құрайды екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу