АҚШ-та 50-ге жуық әуежайдың рейстері кешігуі мүмкін

Бұған негізгі себеп – қарлы боран, қар аралас жаңбырдың болжануы.  

АҚШ-та 50-ге жуық әуежайдың рейстері кешігуі мүмкін Фото: n-tv.de

Бүкіл ел бойынша 70 миллионға жуық адам алдағы циклон туралы ескерту алған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қарлы боран Канзастан Нью-Джерсиге дейін соғады. Миссуридің солтүстік-шығысынан Орталық Аппалачиге дейін қалыңдығы 3-5 сантиметр қар жауады деп болжанған. 

Бірнеше штаттың билігі жексенбі күні боран соғып, қар жауатынын, көлік қозғалысына кері әсер ететін қысқы циклонның жақындағанын хабарлады. 

American Airlines Канзастан Нью-Джерсиге дейінгі 46 әуежайды қамтитын жолаушыларға ескерту жасады, өйткені дауыл АҚШ-тың орта бөлігінен шығыс жағалауға қарай жылжиды деп болжануда.

Ұлттық синоптикалық қызметі Канзас пен Миссуриде дауыл тұратынын, сонымен қатар Колумбия округіне дейінгі аймақтарда боран соғатынын ескерткен. Сондай-ақ, дауылдың батыстан шығысқа қарай жылжып, жексенбі күні таңертең Канзаста қар аралас жаңбыр жауатынын болжаған.

CNN хабарлағандай, бүкіл ел бойынша 70 миллионға жуық адам келе жатқан циклон туралы ескерту алып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу