АҚШ-та 6 мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілді

1102

АҚШ-тың Техас пен Миссисипи штатында ойран салған бірнеше торнадодан 4 адам қаза тапты.

АҚШ-та 6 мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілді

Бұған дейін Франклин қаласында 2 бала мерт болған еді. Тағы онға жуық адам түрлі жарақат алған. Ал Альто қаласында 25 тұрғын жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Қатты желден электр желілері үзіліп қалған. Аймақта көлік қатынасы тежелді. Жол бойында тұрған көліктерге ағаштар құлап жатыр.

Мамандардың айтуынша, торнадо Джорджия штатына дейін жеткен. Табиғат апатынан 6000-нан астам әуе рейсі кейінге шегерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу